Арал қаласы тұрғындарының үйіне газ қосылды
«Қызылорда облысының 5 елді-мекенін газдандыру» инвестициялық жобасы аясында «Арал» автоматтандырылған газ тарату станциясын (АГТС) іске қосу рәсімі өтті. АГТС-ті іске қосу және Арал қаласы тұтынушыларына газ беруге орай өткен салтанатты шараға Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев пен «ҚазТрансГаз» АҚ Басқарма Төрағасы (Бас директоры) Қайрат Шәріпбаев қатысты. […]