«ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС (бұдан әрі-Серіктестік) қызмет түрлерін кеңейту шеңберінде 2016 жылғы 29 шілдеде қызмет түрлерімен құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауға лицензия алды:
- Объектілерді күрделі жөндеу мен реконструкциялауды, оның ішінде металл конструкцияларды монтаждауды қамтитын ғимараттар мен құрылыстардың тіреу және (немесе) қоршау конструкцияларын тұрғызу;
- Мұнай құбырларының, газ құбырларының кәсіптік және магистральдық желілерін, сондай-ақ мұнай өнімдері құбырларының магистральдық желілерін қамтитын желілік құрылыстарды салу бойынша арнайы құрылыс-монтаждау жұмыстары,
- Күрделі жөндеу мен реконструкциялауды, оның ішінде негіздер мен жабындарды, қорғаныс құрылыстарын және III, IV және V техникалық санаттағы автомобиль жолдарын, сондай-ақ магистральдық болып табылмайтын елді мекендердің көлік жүретін бөлігін жайластыруды қамтитын автомобиль және темір жолдардың құрылысы.
Серіктестік мұнай-газ кен орындарының кәсіпшілік ішіндегі жолдарын, магистральдық газ құбырларының трасса бойындағы жолдарын салуға, «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының және басқа да компаниялардың бұрғылау ұңғымаларына арналған алаңдарын жайластыруға белсенді қатысады.
Жоғарыда аталған жұмыстарды орындау үшін Серіктестік білікті персоналмен, арнайы және жол техникасымен жасақталған жол қызметін ұйымдастырды.
Лицензия алған сәттен бастап 1,5 млрд теңгеден астам сомаға магистральдық газ құбырларының трасса бойындағы жолдарын, кәсіпшілік ішіндегі жолдарды салу, бұрғылау жабдығына арналған алаңдарды жайластыру бойынша жұмыстар орындалды.
Бұдан басқа, Серіктестік мамандары Қазақстан Республикасы бойынша автомобильдік газ толтыру компрессорлық станцияларын (АГТКС) жобалауға және салуға техникалық көмек көрсетеді.
Кудайбергенов Сагимжай Мажикенович Бас инженері тел:+7 (7172) 559159 (і.н. 0741) Email: s.kudaibergenov@ktgo.kz |