Қазақстанның Тұңғыш Президенті Күні қарсаңында газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор “ҚазТрансГаз” АҚ Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының Вознесеновка және Достық ауылдарына көгілдір отынды қосты.

1

          Салтанатты шараға облыс әкімі Оңдасын Оразалин мен “ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ Ақтөбе өндірістік филиалының директоры Әсет Әбіләшев қатысты. Жыл сайын ауылдық жерлердегі әлеуметтік жобаларды іске асыруға қомақты қаражат бөлінеді. Ұлттық оператордың арқасында өңірдің барлық аудан орталықтары газдандырылды. Енді шалғай кенттер мен ауылдарды газдандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

3

          Жоба аясында елдімекендерге «көгілдір отынды» жеткізетін 30 шақырымнан астам газ құбыры салынды. Екі елді мекендегі ішкі жерасты газ тарату желілерінің ұзындығы шамамен 16 км. Қазіргі уақытта үйлерге газ кіргізуге қажетті газ құбырларын салу жұмыстары жүргізілуде. Газ жеткізілген екі ауылдың бірінде 148, екіншісінде 112 абонент бар, ал тұрғындардың жалпы саны 1300 адамды құрайды. Сондай-ақ, 9 коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорын газға қосылуға дайын.

2

          Оңдасын Оразалин – Ақтөбе облыс әкімі

  • Өңірдің инфрақұрылымын жақсартуға жыл сайын ауқымды қаржы бөлінеді. Бұған дейін барлық аудан орталықтарын газдандырдық. Вознесеновка ауылына дейін жол салдық. Енді міне газ жүргіздік. Осы бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғаса береді.

          Әсет Әбіләшев – “ҚазТрансГаз Аймақ”АҚ Ақтөбе өндірістік филиалының директоры:

          Қазіргі уақытта облыс бойынша газдандыру көрсеткіші 92,5 пайызға жетті. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса береді. Газ – тұрмыста пайдалану үшін өте ыңғайлы отын. Бірақ қауіпсіздік туралы еш ұмытуға болмайды. Мұржаны уақытында тазалап, пештің түтін тартқыштығын үнемі тексеріп отыру керек. Газ жабдықтарын өздігінен жөндеуге, тасымалдауға болмайды. Міне, осы қарапайым ережелерді сақтасаңыз – өзіңіз бен жақындарыңыздың өміріне қауып төнбейді, үйіңізге жылу мен жайлылық орнайды.