Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «ҚазТрансГаз» ұлттық компаниясы Маңғыстау облысындағы «Бейнеу» газ өлшеу станциясының құрылысын аяқтады.
Жаңа «Бейнеу» газ өлшеу станциясы технологиялық схемаға сәйкес «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының нөлдік километрінде орналасқан. Станциядағы газдың жобалық қысымы 7,4 МПа (74 кгс/см2) құрайды.
Станция қондырғыға жеткізілетін газды тазартуға мүмкіндік береді, одан кейін ол шығу коллекторы арқылы «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырына ағатын болады.
Газ өлшеу станциясы ең заманауи технологияларды пайдалана отырып, барлық техникалық талаптарға сәйкес салынған. Оның жұмысы газды есепке алуды өлшеу дәлдігін, сондай-ақ газ тасымалдау жүйесіне кондициялық емес газдың берілуін бақылау және алдын алу үшін газдың сапалық көрсеткіштерін арттыруға мүмкіндік береді. Станцияның жұмысы өткізу қабілетінің төмендеу қаупін, гидраттардың пайда болу жағдайларын азайтады, бұл газ құбырының қызмет ету мерзімін едәуір арттырады және оны жөндеу мен техникалық қызмет көрсету шығындарын азайтады. Бұл өз кезегінде, отандық газ тасымалдау жүйесі жұмысының тиімділігіне оң әсерін тигізеді.
«Бейнеу-Бозой-Шымкент Газ құбыры» ЖШС Бас директорының орынбасары Мұқан Сәдуақасовтың айтуынша, станция құрылысы даланың шалғай учаскесінде жүргізілген және оны жүргізу оңайға түспеді.
«Станцияға барлық коммуникацияларды жеткізу қажет болды. Қазір бүкіл өндіріс процесі автономды түрде істейді және сыртқы электр және сумен жабдықтау көздеріне тәуелді емес. Жобаны іске асыру кезінде біз ең заманауи технологияларды қолдандық. ҚазТрансГаз жүзеге асырған Қазақстанның ұлттық игілігі болып табылатын «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбыры осы жерден бастау алады. Бұл магистраль бұрын жұмыс істеп тұрған барлық газ тасымалдау құбырларын бір желіге біріктірді. Еліміздің оңтүстік өңірлеріне табиғи газды кепілді түрде тұрақты жеткізуді, сондай-ақ Қытай бағытында газды экспортқа шығаруды толық қамтамасыз етуге мүмкіндік берді», – деп атап өтті Мұқан Сәдуақасов.
«Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының іске қосылуымен оңтүстік өңірлердегі тұрғындар газ тапшылығы дегенді ұмытты. Қазір белсенді газдандыру жүріп жатқан елордасы Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау және Жезқазған қалалары да осы газ құбырынан көгілдір отын алады.