Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС Алматы қаласының өндірістік филиалында техника автопаркін жаңартты. Өндірістік қажеттілікке байланысты 10 бірлік техника сатып алынды: Кран-манипулятор, Пикап және 8 бірлік УАЗ жеңіл автокөлігі.
Осыған орай өндірістік филиалда салтанатты іс-шара өтті.
«ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС автокөлік компаниясы бола тұра, жол қозғалысы қауіпсіздігінің жақтаушысы болып табылады.
Сатып алынған техниканың модельдік қатары жүргізуші мен жолаушылардың сенімділігі, жайлылығы, қауіпсіздігі сияқты барлық заманауи талаптарға жауап береді. Кешенде осы критерийлердің барлығы ең маңызды көрсеткіштердің бірі – пайдалану тиімділігін береді.
Кран-Манипулятор JAC жүк көтергіштігі 2.5 т. телескопиялық, толық айналатын (360 шектеусіз) 4 трос ілмекті жебесі.
Орнатудың негізгі артықшылықтары-ұтқырлық және максималды маневр, ықшамдылық және көп функционалдылық, жүктің қозғалысының нақтылығы мен дәлдігі, тар болған жағдайда жұмыс істеу, қоршаулар арқылы жүктерді жылжыту мүмкіндігі, құбырларды тиеу мен түсірудің максималды жылдамдығы. Бұл газ құбырындағы апаттарды жою жұмыстарының қауіпсіздігін арттырады.
Пикап JAC T6 мен УАЗ жүк-жолаушы автокөліктері магистральдық газ құбырына қызмет көрсету кезінде шағын жүкті тасымалдауды, жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Сатып алынған Пикап ультрадыбыстық парктронниктермен және артқы көрініс камерасымен, сондай-ақ көлбеу бойынша қозғалыста төмен қарай бұрылудан сақтандыру жүйесімен жабдықталған.
Өндірістік филиалдардың материалдық-техникалық базасын жақсарту «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС қызметінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.