«QazaqGaz Onimderi» ЖШС-нің Комплаенс-офицері Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына және «QazaqGaz Onimderi» ЖШС Комплаенс-офицерінің қызметі туралы Ережеге сәйкес тәуелсіз болып табылады, ұйымдық тұрғыдан бағынышты және функционалдық есептілігі «QazaqGaz Onimderi» ЖШС Қадағалау кеңесіне жүктеледі.
Комплаенс-офицердің негізгі мақсаты – «QazaqGaz Onimderi» ЖШС мен оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың іске асырылуын бақылау.
Комплаенс-офицердің міндеттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы негізгі қағидаттардың сақталуын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, бағалау және қайта бағалау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жүйесін тиімді іске асыру болып табылады.
«QazaqGaz Onimderi» ЖШС азаматтары, контрагенттері және қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары мен сыбайлас жемқорлық белгілері бар жағдайларды анықтаған және/немесе кездескен жағдайда, бұл туралы Комплаенс-офицерге хабарлауы қажет.
Электрондық пошта: r.amanbayev@ktgo.kz
Байланыс нөмірі (WhatsApp): +7-701-549-77-34