Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ-ның Тараз қаласының газ таратушы желілерін жаңғырту жөніндегі ауқымды жобаларының бірін іске асыру 2011 жылы басталды. Жұмыстарды аяқтау 2019 жылға жоспарланған. Негізгі мақсат – тұтынушыларды газбен жабдықтау сенімділігін арттыру үшін газ желілері мен жабдықтарды жаңарту.

Облыс орталығын газбен жабдықтау жарты ғасыр бұрын жүзеге асырылған болатын. Жобаны іске асыру басталған кезде таратушы газ желілері мен жабдықтардың 66%-ның тозығы жеткен болатын. Жедел шаралар қабылданбағанда авариялық жағдайлар көбейіп, газ жеткізуде үлкен қиындықтар туындайтыны анық еді.

Жаңғырту бағдарламасы ескірген құбырлар мен жабдықтарды ауыстырумен қатар, Тараз қаласының бүкіл газ тарату жүйесін өзгертті. «ҚазТрансГаз» АҚ төмен қысымды жерүсті газ құбырларын орта қысымды жерасты газ құбырларымен алмастыруда.

Жалпы алғанда, жобаны іске асыру барысында жеке секторға газ жеткізетін 940 км газ құбыры ауыстырылатын болады. Жаңа төселген орта қысымды құбырлар ШТП (шкафтық таратушы пункттер) желісіне жалғанып, тұтынушылар толығымен газ алып отыр. Бұдан басқа, ескірген барлық болат құбырлар полиэтилен құбырлармен алмастырылған, олардың пайдаланылу мерзімі 50 жылдан астам мерзімді құрайды.

Екі сатылы газбен жабдықтау жүйесіне көшу жөніндегі инновациялық шешім газ қысымының жеткіліксіздігі проблемасын шешуге, жүйенің өткізу қабілетін 1,5 есеге арттыруға мүмкіндік берді және газ құбырларына заңсыз қосылу фактілерін болдырмайды. Газ берудің осы заманауи жүйесі тұтынушылар үшін тұрақты және іркіліссіз газ алуға жол ашып отыр.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалының директоры Болат Мұртазаевтың айтуынша: «Еліміздің екі ірі шахары – Шымкент пен Таразда бүкіл ТМД кеңістігінде тұңғыш рет газ тарату желілерін ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізіліп отыр. Бұл жобаны іске асыру ескірген газ құбырлары мен инфрақұрылымды ең заманауи және жоғары технологиялық жабдыққа ауыстыруға ғана бағытталып отырған жоқ, сонымен қатар газбен жабдықтау жүйесін де түбегейлі өзгертті. «ҚазТрансГаз» АҚ іске асырып отырған осы орасан зор жоба «Ұзақ мерзімді инвестициялық тариф» формуласының тиімділігін толығымен дәлелдейді».

Осы инвестициялық жоба жүзеге асырыла бастағалы бері, 01.10.2015 ж. жағдай бойынша, 633 км жерасты газ құбырлары төселді, 14 106 жеке шкафтық пункттер (ШП) орнатылды. Жаңғыртуды жүргізуге байланысты барлық жұмыстар «ҚазТрансГаз» АҚ-ның меншікті және қарыз қаражаты есебінен жүргізіледі.

Анықтама: Жамбыл облысы бойынша газ құбырларының жалпы ұзындығы 3 891 км-дан астамды құрайды, оның ішінде Тараз қаласында 1 368 км. 10 ауданның 8 ауданы газдандырылды, олар: Талас, Жамбыл, Байзақ, Жуалы, Рысқұлов, Меркі, Шу, Қордай. Газ реттеуші пункттердің (ГРП) саны – 83; шкафтық таратушы пункттер (ШТП) – 1 099; жеке ШП –14 106. Облыстағы газдандырылған пәтерлердің саны – 162 851; табиғи газ алатын газдандырылған өнеркәсітік кәсіпорындар – 167; коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындар – 4077.

IMG_6014
«ҚазТрансГаз» АҚ – Қазақстанның газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторы. «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының құрамына газ және оны қайта өңдеу өнімдерін өндіретін, тасымалдайтын және өткізетін кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.
«ҚазТрансГаз» АҚ-ның Баспасөз қызметі
Тел: 7(7172)-55 23 16