Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының Шаян кентінде «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырынан тартылатын газ құбыры-бұрғышты және «Шалдар» автоматтандырылған газ тарату станциясын (АГТС) іске қосу рәсімі өтті.

Газ беруге және газ алауын жағуға орай өткен салтанатты шараға ОҚО-ның әкімі Бейбіт Атамқұлов және «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры Қайрат Шәріпбаев, мердігер ұйымдардың өкілдері мен жергілікті тұрғандар қатысты.
Аталған жобаны іске асыру, АГТС-ты және «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырынан оған тартылатын газ құбырын-бұрғышты салу «ҚазТрансГаз» АҚ-ның өз қаражаты есебінен жүзеге асырылды. Газ құбыры-бұрғыштың жалпы ұзындығы 32 км құрайды.

«ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры Қайрат Шәріпбаев компания халықтың әл-ауқатын көтеруге баса көңіл бөлетіндігін атап өтті. Оның айтуынша, ауылды жердің тұрғындары қала тұрғындарына қарағанда өздерін кем санамауы тиіс. «ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында «ҚазТрансГаз» АҚ жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, республиканың өңірлерін газдандыру жөнінде белсенді жұмыс жүргізуде, ал бүгінгі іс-шара соған толықтай айғақ болмақ. Бәйдібек ауданын газдандыру жөніндегі жобаның маңызды экономикалық мәні бар. Біз айтылған уәделі уақытта, яғни дәл жылыту маусымы басталған кезде көптен күткен табиғи газ бердік. Енді осы үлкен ауданның 52 елді мекенінде тұратын 55 мыңнан астам адамға алғаш рет ең ыңғайлы отын түрін пайдалануға мүмкіндік алды», — деп атап өтті компания басшысы.
Техникалық талаптарға сәйкес жаңа АГТС-тың өткізу қабілеті өте жоғары, сондықтан ол Бәйдібек ауданының барлық елді мекендерін ғана емес, сондай-ақ көршілес жатқан 50 мың тұрғыны бар ірі Созақ ауданының да қажеттілігін жабуға мүмкіндік береді.

Компания газ құбырының бойында орналасқан өнеркәсіптік объектілерді және елді мекендерді газдандыруды жалғыстырады. Атап айтқанда Жамбыл облысының Жаңатас және Қаратау қалаларын да газдандыру көзделуде.
Бүгін елімізде бар газ магистральдарын бірыңғай ішкі желіге қосқан «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбыры іске қосылғаннан бастап, осы магистральдың бойында орналасқан 500-ден астам елді мекенді газдандыру мүмкіндігі туып отыр. Ең бастысы осы магистраль іске қосылғаннан бастап, Қазақстан еліміздің батыс өңірінде өндірілетін отандық газға толығымен көшті.

4F8A0701
4F8A0891
DSC_0029
DSC_0037
DSC_0059

«ҚазТрансГаз» АҚ
Баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-23-16