Бүгін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Қостанай облысының елді- мекендерін газдандыру бойынша ұзақмерзімді және өзара тиімді іс-шаралар жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Өңірдің тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз ету, газбен үздіксіз жабдықтау, газ құбырларының қалыпты жағдайда жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында Қостанай облысының әкімдігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «ҚазТрансГаз» АҚ арасында өзара тиімді іс-шаралар жөніндегі Меморандумаға қол қойылды.

Құжатқа Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Сауат Мыңбаев, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының газ тасымалы және маркетинг жөніндегі орынбасары, «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директора Қайрат Шәріпбаев өз қолдарын қойды.

Меморандумға сәйкес, Қостанай облысының Әулиекөл, Федоров, Қарабалық, Денисов аудандарындағы елді-мекендер мен Рудный қаласының көшелерін газға қосу үшін жеткізуші газ құбырлары мен қала-ауылішілік газ құбырларының құрылысын жүргізу көзделген. Бұл шаралар Қостанай облысы тұрғындарының газбен қамтылу деңгейін 53,4%-дан 60,3%-ға дейін артыруға мүмкіндік береді деп күтілуде.

«ҚазТрансГаз» АҚ осы жобаға салатын инвестициясының көлемі, алдын-ала есептеулер бойынша, 7 млрд теңгеден астам соманы құрайды.

Меморандумға сәйкес, Қостанай облысының әкімдігі жер телімдерін бөліп, газдандыру нысандарын салуға мүмкіндік беретін тиісті рұқсатнамалық құжаттарды әзірлейді. Техника-экономикалық негіздемелер мен жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, болашақта «ҚазТрансГаз» АҚ беріледі.

«ҚазТрансГаз» АҚ бұл жобаларды 2016-2017 ж.ж. ұзақмерзімді инвестициялық бағдарлама шеңберінде жүзеге асыруды көздеп отыр.

Қазіргі кезде Қостанай облысының газбен қамтылған елді мекендерінің саны 64-ке жетсе, абоненттер саны – 165 008 бірлікті құрайды.
123

132

555

«ҚазТрансГаз» АҚ
баспасөз қызметі