«QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары тағайындалды
«QazaqGaz» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасының геологиялық барлау және өндіру жөніндегі орынбасары лауазымына Әнуар Жақсыбеков тағайындалды. Мәскеудегі Патрис Лумумба атындағы Халықтар достығы университетін «Геология және мұнай-газ кен орындарын барлау» мамандығы бойынша бітірген. Білікті инженер-геолог болып табылады. Бүкіл еңбек қызметі барысында біліктілікті арттыру бойынша көптеген мамандандырылған бағдарламалардан өткен. Еңбек жолын 1982 жылы «Қазақ-Ойл-Ембі» ААҚ-да бастады, онда [...]