Корпоративтік басқару
Басшылық
Даулетов Асылжан Бауыржанұлы
Геологиялық барлау және перспективалық жобалар жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары
Мұхамеджанов Айдын Ерғазыұлы
Құқықтық мәселелер және тәуекелдерді басқару жөніндегі басқарушы директор
Өтеп Мұрат Мұхаметжанұлы
«QazaqGaz Onimderi» ЖШС өндіріс жөніндегі бас директордың орынбасары
Мұсаханов Әділет Еркенұлы
«QazaqGaz Onimderi» ЖШС даму жөніндегі бас директордың орынбасары
Ермаханов Берік Аралбайұлы
Кәсіби еңбек жолын 2007 жылы әділет органдарында бастады.
Еңбек қызметі:
2011–2018 жж. – «Жамбыл Петролеум» ЖШС
2018–2019 жж. – «Исатай Оперейтинг Компани» ЖШС
2020–2022 жж. – «Атырау» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары
2022–2024 жж. – «PSA» ЖШС (ӨБК жобаларындағы уәкілетті орган)
2024–2025 жж. – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің департамент директоры
2025 жылғы қазан айынан бастап – «QazaqGaz» ҰК» АҚ Аппарат басшысы
Даулетов Асылжан Бауыржанович
Мұнай-газ геологиясы саласының сарапшысы. Imperial College London университетін (ғылым магистрі) және Атырау мұнай және газ институтын тәмамдаған.
Еңбек жолында Schlumberger Logelco Inc., «Сәтбаев Оперейтинг» ЖШС және «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС компанияларында жұмыс істеген.
2025 жылғы қазан айынан бастап «QazaqGaz» ҰК» АҚ-дағы қазіргі лауазымын атқарады.
Мұхамеджанов Айдын Ерғазыұлы
Азаматтығы:
Қазақстан Республикасы
Білімі:
«Құқықтану» мамандығы бойынша Қазақ гуманитарлық-заң университетін тәмамдаған. Қазақ гуманитарлық-заң университетінің құқық магистрі дәрежесіне, сондай-ақ Амстердам университетінің LL.M дәрежесіне ие. «Болашақ» халықаралық стипендиялық бағдарламасының түлегі.
Еңбек қызметі:
Банк, өндіріс, мұнай-газ және теміржол салаларында, сондай-ақ басқарушы холдингтік компанияларда көп жылдық еңбек тәжірибесі бар. Әртүрлі жылдары басшылық лауазымдарды атқарған.
Әр жылдары ірі инвестициялық жобаларды, институционалдық және шетелдік инвесторлардың қатысуымен жүзеге асырылған бірігу және жұтылу (M&A) мәмілелерін құқықтық сүйемелдеуді қамтамасыз етіп, халықаралық деңгейде компаниялардың мүдделерін қорғаған.
Қазіргі лауазымына тағайындалғанға дейін «Самұрық-Қазына» АҚ-да және Қордың портфельдік компанияларында жұмыс істеген. Сондай-ақ Kazakhstan Investment Development Fund басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
Корпоративтік басқару, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, құқықтық тәуекелдерді басқару және ірі ұлттық компаниялардың қызметін құқықтық қамтамасыз ету салаларында мол тәжірибеге ие.
Шакеров Әділет Ерсінұлы
Азаматтығы:
Қазақстан Республикасы
Білімі:
Қазақ ұлттық аграрлық университетін, сондай-ақ Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған.
Еңбек қызметі:
Кәсіби еңбек жолын 2005 жылы сату және клиенттерге қызмет көрсету саласында бастаған.
Әртүрлі жылдары келесі лауазымдарды атқарған:
2005 жыл – Ерсинов М.Е. ЖК-де сату жөніндегі менеджер;
2005–2011 жылдар – бас менеджердің орынбасары, Ақтау және Астана қалаларындағы филиалдардың директоры;
2011–2015 жылдар – «HYUNDAI» компаниясының маркетинг жөніндегі директоры (Алматы қ.);
2015–2025 жылдар – «BEST GROUP LTD» ЖШС-нің бас директоры (Алматы қ.).
2025 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін «QazaqGaz Onimderi» ЖШС-нің бас директоры (Басқарма төрағасы) қызметін атқарады.
Әбдікәрім Аида
Азаматтығы:
Қазақстан Республикасы
Білімі:
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдап, экономист біліктілігін алған.
Еңбек өтілі:
Еңбек жолын 1999 жылы білім беру саласында бастаған. 2002 жылдан бастап газ тасымалдау және газбен жабдықтау жүйесі кәсіпорындарында еңбек етіп келеді. Осы уақыт ішінде маманнан департамент директоры және бас директордың орынбасары лауазымына дейінгі кәсіби жолдан өтті.
Оның еңбек жолында:
1999–2001 жж. – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінің Қызылорда филиалы жалпы пәндер кафедрасының зертханашысы, тағылымдамашы-оқытушысы (Қызылорда қ.).
2002 ж. – «Промтэк» ЖАҚ коммерциялық бөлімінің маманы (Астана қ.).
2003–2005 жж. – «Астана Ресурс Трейдинг» ЖШС тендер бөлімінің менеджері (Астана қ.).
2005–2006 жж. – «ГазИнСервис Астана» ЖШС менеджері (Астана қ.).
2006–2008 жж. – «Интергаз Орталық Азия» АҚ жетекші маманы (Астана қ.).
2008–2009 жж. – «АльянсГаз» ЖШС маркетингтік зерттеулер жөніндегі менеджері (Алматы қ.).
2009 ж. – «АлматыГазКонтракт» АҚ маркетинг бөлімінің менеджері (Алматы қ.).
2009–2010 жж. – «ҚазТрансГаз Алматы» АҚ Газ маркетингі департаментінің менеджері (Алматы қ.).
2010–2011 жж. – «ҚазТрансГаз Алматы» АҚ Бизнесті дамыту және сапа менеджменті жүйесі департаментінің менеджері (Алматы қ.).
2011–2022 жж. – «ҚазТрансГаз» ҰК» АҚ Бюджеттік жоспарлау департаментінің аға экономисі (Астана қ.).
2022–2023 жж. – «QazaqGaz» ҰК» АҚ Бюджеттік жоспарлау департаментінің менеджері (Астана қ.).
2023–2026 жж. – «QazaqGaz Aimaq» АҚ Бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры (Астана қ.).
2026 жылдан қазіргі уақытқа дейін – «QazaqGaz Onimderi» ЖШС қаржы жөніндегі бас директордың орынбасары (Астана қ.).
Өтеп Мұрат Мұхаметжанұлы
Азаматтығы:
Қазақстан Республикасы
Білімі:
«Инженер-құрылысшы, теміржол және жол шаруашылығы» мамандығы бойынша Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын тәмамдаған.
Еңбек қызметі:
Кәсіби еңбек жолын 2010 жылы басқару және өндірістік қызмет саласында бастаған.
Еңбек жолы:
2010–2013 жж. – «МАМИ» ЖШС директоры.
2013–2015 жж. – «Қазмедиа Орталығы» ЖШС бас директорының орынбасары – өндірістік қамтамасыз ету департаментінің директоры.
2016–2017 жж. – «Қазтелерадио» АҚ «Желі құрылысы және техникалық қолдау дирекциясы» филиалының басқарушы директоры – директоры.
2018–2019 жж. – «Atameken Business Channel» ЖШС өндірістік қамтамасыз ету департаментінің директоры.
2023 ж. – «QazaqGaz Onimderi» ЖШС Астана қаласындағы Сарыарқа өндірістік филиалының көлік учаскесінің сарапшысы.
2023–2026 жж. – «QazaqGaz Onimderi» ЖШС құрылыс-монтаж жұмыстары қызметінің басшысы.
2026 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін – «QazaqGaz Onimderi» ЖШС өндіріс жөніндегі бас директордың орынбасары (Астана қ.).
Мұсаханов Әділет Еркенұлы
Азаматтығы:
Қазақстан Республикасы
Білімі:
Монтана штаты университетін (АҚШ) «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Нархоз университетінде MBA дәрежесін алған.
Еңбек қызметі:
Кәсіби еңбек жолын 2010 жылы мұнай-газ саласында бастаған.
Әртүрлі жылдары «КМГ Қашаған Б.В.» ЖШС-де маман, NCOC N.V. компаниясында өндіру инженері, мұнай және мұнай өнімдері бойынша инженер-талдаушы, сондай-ақ өндірісті технологиялық қолдау жөніндегі супервайзер болып жұмыс істеген.
2016–2024 жылдары «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС-де әртүрлі лауазымдарды атқарған, оның ішінде басқарма төрағасының көмекшісі, басқарма төрағасының кеңесшісі, өкілдік директоры, жобаның бас инженері, аналитикалық зерттеулер қызметінің басшысы және әзірлеу бөлімінің бастығы болған.
2024–2025 жылдары «QazaqGaz» ҒТO» ЖШС бас директорының даму және жобаларды жүргізу жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.
2025 жылғы шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін – «QazaqGaz Onimderi» ЖШС бас директорының даму жөніндегі орынбасары.