Жобалар туралы

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 17 мамырдағы «2024–2027 жылдарға арналған табиғи газды мотор отыны ретінде пайдалануды кеңейту жөніндегі жол картасын бекіту туралы» бұйрығын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 21 маусымдағы №463 «2025–2029 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының газ саласын дамытудың кешенді жоспарын бекіту туралы» қаулысын іске асыру шеңберінде Серіктестік келесі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда:

Қазақстан Республикасы автожолдарында автомобильдік газ толтыру компрессорлық станциялары (АГНКС) желісін дамыту

Рудный қаласында СТГ зауытын салу

Жоба жылына 50 000 тонна сұйытылған табиғи газ (СТГ) өндіретін зауыт салуды көздейді. Табиғи газды тұтыну көлемі жылына 75 млн м³-ге дейін, пайдалануға беру мерзімі – 2028 жылғы наурыз.

Жоба жеке инвесторды/серіктесті таңдау кезеңінде.

Алматы қаласында 2 АГНКС салу

Жоба «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі, сондай-ақ Ақтау – Бейнеу – Атырау – Орал бағыты бойында стационарлық АГНКС салуды көздейді.

Жоба тұжырымдаманы таңдау кезеңінде.

Жол-құрылыс жұмыстары

Қызмет Бейнеу – Бозой – Шымкент магистральдық газ құбыры бойындағы жолды (667,6 км) күтіп-ұстау жұмыстарын, сондай-ақ газ кен орындарындағы бұрғылау қондырғыларына арналған алаңдар мен кірме жолдардың құрылысын жүзеге асырады.