Сипаттамасы

«QazaqGaz Onimderi» ЖШС-нің Комплаенс-офицері Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына және «QazaqGaz Onimderi» ЖШС Комплаенс-офицерінің қызметі туралы ережеге сәйкес тәуелсіз болып табылады, ұйымдық жағынан «QazaqGaz Onimderi» ЖШС-нің Байқау кеңесіне бағынады және функционалдық тұрғыдан оған есеп береді.

Комплаенс-офицер қызметінің негізгі мақсаты – «QazaqGaz Onimderi» ЖШС мен оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу.

Комплаенс-офицердің міндеттеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, бағалау және қайта бағалау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар жүйесін тиімді іске асыру кіреді.

«QazaqGaz Onimderi» ЖШС азаматтары, контрагенттері және қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары немесе сыбайлас жемқорлық белгілері бар жағдайларды анықтаған және/немесе оларға тап болған жағдайда, бұл фактілер туралы Комплаенс-офицерге хабарлауы қажет.

Электрондық пошта: compliance@ktgo.kz

Байланыс нөмірі (WhatsApp): +7 702 982 64 55

«QazaqGaz Onimderi» ЖШС материалдары