Құрметті әріптестер!
Сіздерді кәсіби мерекеміз – Мұнай-газ кешені қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Мұнай-газ саласы – Қазақстан экономикасының маңызды әрі стратегиялық бағыттарының бірі. Оның тұрақты дамуы мен жаңа белестерге жетуі – осы салада еңбек етіп жүрген әрбір маманның білімі, жауапкершілігі және қажырлы еңбегінің нәтижесі.
Бүгінде алдымызда жаңа міндеттер мен ауқымды мүмкіндіктер тұр. Заманауи жобаларды жүзеге асырып, саланың дамуына үлес қосу жолында кәсібилік пен бірліктің маңызы ерекше.
QazaqGaz Onimderi ұжымы атынан баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс және жаңа жетістіктер тілейміз!
Еңбегіміз жемісті, мерейіміз үстем болсын!
Кәсіби мерекеміз құтты болсын!