«Наурызнама – Digital Nauryz» онкүндігі аясындағы іс-шаралар жоспарына сәйкес компаниялар тобында ұлттық киім күні ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қызметкерлер ұлттық киім киіп, қазақ халқының мәдени мұрасы мен салт-дәстүріне деген құрметтерін көрсетті.

Бұл бастама ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, дәстүрлі мәдениетті насихаттауға және қызметкерлер арасында ұлттық бірегейлік пен рухани мұраны құрметтеу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Добавить комментарий