Кәсіптік бағдар және инженерлік-техникалық мамандықтарды насихаттау бағдарламасы аясында QazaqGaz Onimderi Алматы өңірлік филиалының қызметкерлері қала мектептерінің жоғары сынып оқушыларына арналған дәрістерін өткізді.

Іс-шараның мақсаты – оқушыларға инженерлік мамандықтардың маңызын түсіндіру, өндіріс саласындағы заманауи технологиялармен таныстыру және болашақ мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру.

Дәріс барысында мамандар компанияның қызметі, өндірістік үдерістер мен газ саласындағы заманауи шешімдер туралы айтып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

Сондай-ақ бұл бастама жастар арасында техникалық білімге қызығушылықты арттыруға және ел экономикасының маңызды салаларына білікті кадрларды даярлауға бағытталған.

Добавить комментарий