QazaqGaz Ónimderi ЖШС компаниясының Қызылорда өндірістік филиалы автокөлік учаскесінің кран машинисі

Мырзағалиев Серғазы Жұмағазыұлы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы – «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Марапатты Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов табыстады.

Серғазы Жұмағазыұлының жалпы еңбек өтілі — 20 жыл, соның ішінде ол QazaqGaz Ónimderi ЖШС  компаниясында 10 жылдан бері еңбек етіп келеді.

Компания ұжымы Серғазы Жұмағазыұлын шын жүректен құттықтап, жемісті еңбек пен жаңа жетістіктер тілейді!

Добавить комментарий