«QazaqGaz Onimderi» компаниясының Шымкент қаласындағы филиалы Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Политехникалық колледж және Автотехникум студенттерімен кездесу өткізді.
Іс-шараға 370-ке жуық студент қатысып, жұмысшы кәсіптерді насихаттау, еңбек нарығындағы мүмкіндіктер мен компаниядағы жұмыс перспективалары туралы ақпарат алды.
Кездесу барысында қонақ дәрістер ұйымдастырылып, студенттерге «QazaqGaz Onimderi» компаниясындағы еңбек жолын бастаудың артықшылықтары мен кәсіби өсу бағыттары таныстырылды.
Жастар кездесуге белсенді қатысып, болашақта кәсіпорында жұмыс істеуге қызығушылық білдірді.

Добавить комментарий