2025 жылдың 30 қыркүйегінде Астана қаласында орналасқан «Astana Politechnic» жоғарғы колледжінде студенттермен кәсіптік бағдар беру кездесуі өтті.
Іс-шараның мақсаты – жастарды газ саласындағы кәсіби мүмкіндіктермен таныстыру және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру.
Кездесуге «QazaqGaz Onimderi» ЖШС-нің ардагерлер кеңесінің Астана қаласы бойынша филиалының директоры Болат Кабашов, өндірістік филиалдың бас сарапшысы Айжан Кенжеева және «Сарыарқа» өндірістік филиалының көлік учаскесінің бастығы Дәулет Азиев қатысты.
Спикерлер студенттерге газ саласының ерекшеліктері, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар, жастардың жұмыспен қамтылу және мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы баяндады.