QazaqGaz Ónimderi өндірістік инфрақұрылымды жаңғырту аясында 39 жаңа қызметтік автокөлікпен толықты

QazaqGaz Ónimderi ЖШС компаниясы өндірістік инфрақұрылымды жаңарту және қызметтік процестердің тиімділігін арттыру мақсатында ГАЗ 27527 маркалы 39 жаңа автокөлікпен толықты.

Бүгінгі таңда олардың 14 данасы қабылданды, қалған 25 көлік ай соңына дейін жеткізіледі.

Жаңа автокөліктер өңірлік филиалдардың материалдық-техникалық базасын нығайтып, өндірістік міндеттердің сапалы әрі жедел орындалуына мүмкіндік береді.

Бөлісу: