2026 жылғы 10 сәуірде «QazaqGaz Onimderi» ЖШС Бас директоры А.Е. Шакеров жұмыс сапарымен Ақтөбе өндірістік филиалына барды.

Сапар барысында Бас директор филиалдың негізгі өндірістік нысандарының жұмысымен танысты. Атап айтқанда, автокөлікке газ толтыру компрессорлық станциясы (АГТКС) мен өнеркәсіптік базаның қызметі қаралды.

2017 жылы пайдалануға берілген АГТКС тәулігіне 2100 м³ өнім өндіру қуатына ие және 180-нен астам муниципалдық және коммерциялық автокөлікті компримирленген табиғи газбен қамтамасыз етеді.

Жұмыс сапары аясында Бас директор станция қызметкерлерімен кездесіп, еңбек жағдайларына ерекше назар аударды. Кездесу барысында санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау және қызметкерлерді жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Сапар қорытындысы бойынша филиал басшылығына нақты өндірістік тапсырмалар жүктелді. Басым бағыттардың бірі ретінде қоғамдық көлікті жанармаймен үздіксіз қамтамасыз ету міндеті белгіленді.

Добавить комментарий