«QazaqGaz Onimderi» ЖШС қызметкерлері «IV Charity Samruk Marathon – 2026» қайырымдылық марафонына белсенді қатысты.

Ауқымды спорттық шараға 3 мыңнан астам адам қатысты. Қатысушылар 2,5 км, 5 км және 10 км қашықтықтарды, сондай-ақ 2,5 км скандинавиялық жүріс бағытын бағындырды.

Марафон ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдауға қаражат жинауға бағытталды.

Жарыс қорытындысы бойынша шамамен 250 млн теңге жиналды. Жиналған қаражат инклюзивті қолдау көрсететін 10 жаңа кабинетті ашуға бағытталады.

Добавить комментарий