«QazaqGaz Onimderi» ЖШС Қызылорда қаласындағы филиалы «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Orda колледжінің студенттерімен кездесу өткізді

Іс-шараның негізгі мақсаты — жұмысшы кәсіптердің беделін арттыру, жастарды еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтармен таныстыру және компаниядағы кәсіби даму мүмкіндіктері туралы ақпарат беру.

Кездесуге 100-ге жуық студент қатысып, компания өкілдерінен өндірістік бағыттар, еңбек мәдениеті және кәсіби өсу тетіктері туралы жан-жақты мәлімет алды. Сонымен қатар дәрістер ұйымдастырылып, студенттерге «QazaqGaz Onimderi» ЖШС компаниясында еңбек жолын бастаудың артықшылықтары таныстырылды.

Жастар кездесуге белсенді қатысып, болашақта компания құрамында жұмыс істеуге зор қызығушылық танытты.

Бөлісу: