Бекітілген филиалдарға бару кестесі аясында «QazaqGaz Onimderi» ЖШС Бас директоры А.Е. Шакеров Ақтау өндірістік филиалына жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында Ақтау, Жаңаөзен, Бейнеу және Опорный көлік учаскелерінің еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізілді. Қызметкерлерге Серіктестіктің ағымдағы қызметі мен алдағы даму бағыттарына қатысты негізгі мәселелер түсіндірілді.

Ашық диалог форматында өткен кездесуде қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді.

Сонымен қатар ұжым «QazaqGaz Onimderi» ЖШС Кәсіподағының 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы есебімен таныстырылды.

Добавить комментарий