«Синьцзян Хунтун Газ» АҚ (ҚХР) өкілдері «QazaqGaz Onimderi» ЖШС кеңсесіне жұмыс сапарымен келді. Тараптар Рудный қаласында сұйытылған табиғи газ (СТГ) өндіретін зауыт салу жобасын іске асыру мәселелерін талқылады.
Кездесуде әрі қарайғы ынтымақтастықтың болашағы мен жоспарланған іс-шаралардың практикалық жақтары қаралды. Жобаның қазіргі мәртебесіне және тараптардың өзара іс-қимылының келесі кезеңдеріне ерекше назар аударылды.
Жұмыс кездесуі Рудный қаласында СТГ зауытын салу мәселесін шешу бойынша пікір алмасу алаңына айналды.