QazaqGaz Onimderi: газмотор отыны нарығын дамыту — Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктер

2026 жылғы 29 қазанда ENERGY TRENDS: Gas & Petrochemicals конференциясында «QazaqGaz Onimderi» ЖШС бас директоры Адлет Шакеров сығымдалған және сұйытылған (СТГ) табиғи газды дамыту есебінен отын нарығын әртараптандыру перспективалары туралы баяндама жасады.

Бүгінде Қазақстандағы сығымдалған табиғи газ инфрақұрылымы 35 автомобиль газ толтыру компрессорлық станциясын қамтиды, ал газмотор автобустарының паркі 3 400 бірліктен асады. 2026 жылы QazaqGaz Onimderi брендімен Ақтөбе мен Алматыда екі жаңа АГТКС ашылды.

ENERGY TRENDS: Gas & Petrochemicals конференциясы, QazaqGaz Onimderi баяндамасы

2032 жылға дейін компания франчайзингтік желіні 20 АГТКС-ке дейін кеңейтіп, тағы төрт меншікті станция салуды жоспарлап отыр.

Дамудың жеке бағыты — СТГ нарығы. QazaqGaz Onimderi Қостанай облысының Рудный қаласында жылына 50 000 тонна СТГ өндіретін зауыт салуды жоспарлап отыр. Жобалық құжаттама мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды.

Сығымдалған және сұйытылған табиғи газды дамыту отын шығындарын азайтуға, қалаларға түсетін экологиялық жүктемені төмендетуге және газмотор саласына жеке инвестиция тартуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Газмотор отыны — отын нарығын әртараптандырудың және еліміздің заманауи көлік инфрақұрылымын дамытудың маңызды элементі.

Бөлісу: