10 сәуірде ұлттық QazaqGaz компаниясы Ақтөбе қаласында жаңа автомобильдік газ толтыру компрессорлық станциясын (АГТКС) іске қосты. Ашылу салтанатына Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров пен «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов қатысты.

Жаңа станция QazaqGaz Onimderi брендімен жұмыс істейді. Нысанды инвестор Абай Бекетовтің атынан «Almaty Build» ЖШС салып, пайдалануға берді. Станция тәулігіне 300-ге дейін автокөлікке қызмет көрсетуге қауқарлы.

Жобаның жалпы құны 2 млрд теңгені құрады. Нысан қаланың айналма жолының бойында орналасқан, бұл қалалық қоғамдық көлікке де, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі арқылы өтетін транзиттік көліктерге де қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Добавить комментарий