«QazaqGaz Onimderi» ЖШС Ақтөбе қаласының әлеуметтік маңызы бар қоғамдық көлігін компримирленген табиғи газбен қамтамасыз етуде.

Компания «Қызмет Ақтөбе» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен келісімге қол қойды. Құжатқа сәйкес, әлеуметтік бағыттарда қатынайтын 35 автобус экологиялық таза отын – компримирленген табиғи газға көшіріледі.

Табиғи газды пайдалану атмосфераға бөлінетін зиянды шығарындыларды азайтып, жолаушылар тасымалының үнемділігі мен экологиялық қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жоба «QazaqGaz Onimderi» ЖШС-нің әлеуметтік миссиясы аясында жүзеге асырылып, Ақтөбе қаласының экологиялық ахуалын жақсартуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Добавить комментарий