«QazaqGaz Onimderi» мерейтойлық KIOGE 2026 көрмесінде

Алматыда мерейтойлық 30-шы KIOGE 2026 Халықаралық көрмесі мен конференциясы басталды.

«QazaqGaz» ҰК» АҚ компаниялар тобындағы сығылған және сұйытылған табиғи газ операторы «QazaqGaz Onimderi» ЖШС көрмеде өзінің макетін және табиғи газ саласындағы технологиялық шешімдерін таныстырды.

Компанияның негізгі міндеттерінің бірі — табиғи газды үнемді әрі экологиялық таза газмоторлы отын ретінде дамыту және танымал ету, сондай-ақ оны көлік секторында қолдану аясын кеңейту.

KIOGE 2026 — QazaqGaz Onimderi1 / 8
KIOGE 2026 — фото 1KIOGE 2026 — фото 2KIOGE 2026 — фото 3KIOGE 2026 — фото 4KIOGE 2026 — фото 5KIOGE 2026 — фото 6KIOGE 2026 — фото 7KIOGE 2026 — фото 8

Сұйытылған табиғи газ (СТГ) қалай өндіріледі?

▪ Өндірістік процесс табиғи газды дайындаудан басталады: ол механикалық қоспалардан, күкірт қосылыстарынан, көмірқышқыл газынан және ылғалдан тазартылады.

▪ Содан кейін газдан төмен температурада жабдықтың жұмысына әсер етуі мүмкін ауыр көмірсутектер бөлініп алынады.

▪ Дайындалған газ сұйылту блогына түседі, онда шамамен −162 °C температураға дейін біртіндеп салқындатылып, газ күйінен сұйық күйге өтеді.

▪ Сұйылтудан кейін артық азот жойылады — тауарлық СТГ құрамындағы азот мөлшері 1% және одан төмен.

▪ Дайын СТГ криогендік резервуарларға түседі және шамамен −160 °C температурада сақталады.

▪ Соңғы кезең — температураны, қысымды және өнім мөлшерін бақылай отырып, СТГ-ны арнайы криогендік көлік цистерналарына тиеу.

Осылайша, табиғи газдың дайын СТГ-ға дейінгі жолы — күрделі технологиялық тізбек: дайындау → тазарту → терең кептіру → сұйылту → сақтау → тиеу.

Табиғи газды сұйылту технологиялары оны пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтуге және көлік, өнеркәсіп және тұрғын үй-коммуналдық секторларында газмоторлы отынды дамытуға жағдай жасайды.

Бөлісу: