Ақтөбе өндірістік филиалының директоры Т.М. Жүсіпов білім алушылармен кездесу өткізіп, «Газ саласының даму перспективалары және QazaqGaz компаниясындағы жас мамандарға арналған мансаптық мүмкіндіктер» тақырыбында дәріс оқыды.

Кездесу барысында студенттер компанияның даму стратегиясымен, негізгі өндірістік үдерістермен және қазіргі заманғы мамандарға қойылатын талаптармен танысты.

Сондай-ақ техникалық мамандықтар бойынша оқитын студенттерге филиалдың бас инженері О.И. Бексұлтанов «Газ өнеркәсібіндегі заманауи технологиялар мен инженерлік шешімдер. Өндірістегі инженердің рөлі» тақырыбында дәріс оқыды.

Дәріс кезінде инженерлік-техникалық персоналдың практикалық жұмысы және өндірістік нысандарды жаңғырту кезеңдері талқыланды.

Сонымен қатар, филиалдың еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік жөніндегі жетекші инженері Г.И. Урунбасаров «Өндірістегі еңбекті қорғау мәдениеті: қауіпсіздік пен экологияның маңызы» тақырыбында дәріс өткізді.

Инженер қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудың негізгі қағидаларын түсіндіріп, HSE мамандығының маңыздылығын атап өтті. Кездесу соңында студенттер өндірістік тәуекелдерді талдау бойынша интерактивті жаттығуға қатысып, қауіпсіздік ережелерін тәжірибе жүзінде меңгерді.

Добавить комментарий