Жұмыс сапары аясында «QazaqGaz Onimderi» ЖШС Бас директоры Алматы өндірістік филиалының қызметкерлерімен кеңес өткізді. Кездесу барысында компания басшысы ұжымның өзекті сұрақтарына жауап беріп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, өндірістік процестердің тұрақты жұмысын сақтау және оларды одан әрі дамыту компанияның негізгі басымдықтары екенін атап өтті.
Кеңестен кейін Бас директор Қаскелең қаласындағы көлік учаскесіне барды. Аралау барысында ол өндірістік бақылау іс-шараларына қатысып, қызметкерлердің еңбек жағдайына және автокөліктерді қауіпсіз пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударды.