Бүгін QazaqGaz Ónimderi басшылығы мен QazaqGaz Aimaq еншілес ұйымының қызметкерлері мінез-құлықтық қауіпсіздік аудиті (ПАБ) бойынша бірлескен оқу-семинарына қатысуда. Іс-шараны «QazaqGaz НТЦ» еншілес ұйымы ұйымдастырды.
Таңертеңгі бөлімде қатысушыларға ПАБ-тың мақсаттары, бақылау тәсілдері мен кері байланыс жүргізу әдістері бойынша теориялық сабақтар өтті. Түстен кейінгі тәжірибелік бөлімде өндірістік алаңда диалог жүргізу, ескертулерді тіркеу және алдын алу шараларын жоспарлау бойынша практикалық жаттығулар өткізілді.
Аталған оқыту – еңбекті қорғау және қауіпсіздік мәдениетін нығайту, сондай-ақ барлық еншілес ұйымдардың бірыңғай стандарттар мен талаптарды ұстануын қамтамасыз ету бағытындағы маңызды қадам.
Біз қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде дамыта отырып, «Қауіпсіздік – өзімізден басталады және әр шешімімізде жалғасады» қағидатын ұстанамыз.