«QazaqGaz Onimderi» ЖШС ҚР СТ ISO 37001-2025 талаптарына сәйкестік сертификатын алды. «QazaqGaz Onimderi» ЖШС сертификаттау аудитін сәтті аяқтап, «Парақорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйелері. Талаптар және қолдану жөніндегі нұсқаулық» атты ҚР СТ ISO 37001-2025 ұлттық стандартының талаптарына сәйкестік сертификатын алды.
Сертификаттың берілуі Серіктестікте енгізілген парақорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесінің ISO 37001:2025 халықаралық стандарты негізінде әзірленген ұлттық стандарт талаптарына сәйкестігін растайды.
Сертификаттау Серіктестіктің корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру, комплаенс-мәдениетті нығайту және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидаттарын қалыптастыру жөніндегі жүйелі жұмысындағы маңызды кезең болды.