QazaqGaz Onimderi қызметкерлері «Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясына қатысты

Қазақстанның әр өңірінде «Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Экологиялық бастама қоршаған ортаны қорғауға, табиғи су көздерін тазартуға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталды.

Аталған шараға «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобына қарасты ұйымдардың, соның ішінде «QazaqGaz Onimderi» ЖШС қызметкерлері, сондай-ақ өңірлердегі Жастар кеңесінің мүшелері белсенді қатысты.

Іс-шара барысында қатысушыларға қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама жүргізіліп, жалпы жаттығу ұйымдастырылды. Одан кейін олар топтарға бөлініп, өзен-көл жағалауларында және қоғамдық орындарда тазалық жұмыстарын жүргізіп, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты.

Бөлісу: