«QazaqGaz Onimderi» қызметкерлері мерекелік жүгіруге қатысты

2026 жылғы 6 қыркүйекте, Мұнай-газ кешені қызметкерлері күніне орай QazaqGaz компаниялар тобының қызметкерлері арасында мерекелік жүгіру өтті.

Аталған спорттық іс-шараға «QazaqGaz Onimderi» ЖШС қызметкерлері де белсенді атсалысып, әріптестерімен бірге 6 шақырымдық қашықтықты еңсерді.

Іс-шара салауатты өмір салтын насихаттауға, корпоративтік мәдениетті дамытуға және компаниялар тобы қызметкерлері арасындағы командалық рух пен өзара байланысты нығайтуға бағытталды.

Мерекелік жүгіру қатысушыларға кәсіби мерекені спорттық әрі достық атмосферада атап өтуге мүмкіндік беріп, ортақ мақсат пен бірліктің маңызын тағы бір мәрте көрсетті.

Мұнай-газ кешенінің барша қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Зор денсаулық, амандық, қауіпсіз еңбек және жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз!

Бөлісу: