Жұмыс сапары аясында «QazaqGaz Onimderi» ЖШС Бас директоры Атырау өндірістік филиалының еңбек ұжымымен — Құлсары, Индер, Талдыкөл, Атырау көлік учаскелері және филиалдың әкімшілік-басқару персоналымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында өндірістік міндеттер, еңбек қауіпсіздігі, жұмыс жағдайлары және көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері талқыланды. Қызметкерлер өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, көкейдегі сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды.
Кездесу қорытындысында филиал ұжымының жоғары кәсібилігі мен барлық бөлімшелердің үйлесімді жұмысы ерекше атап өтілді.