Алаңдарды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарландыру
«QazaqGaz Onimderi» ЖШС Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Әлихан Бөкейхан көшесі, № 12 ғимараттың 1-қабатында орналасқан, жалпы ауданы 388,0 шаршы метр алаңды техникалық ерекшелікке сәйкес мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру жөніндегі конкурс өткізілетінін хабарлайды.
1 шаршы метр үшін жалдау ақысы айына ҚҚС-ты қоса алғанда 1 960,00 теңгені құрайды. Жалдау мерзімі — 365 күнтізбелік күн.
Жоғарыда көрсетілген конкурсқа қатысуға өтінімдер 2026 жылғы 14 қыркүйек сағат 16:00-ге дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Есіл ауданы, Әлихан Бөкейхан көшесі, № 12 ғимарат, 8-қабат.
Конкурстық өтінімі бар конвертті әлеуетті жалға алушының өзі немесе сенімхат негізінде оның уәкілетті өкілі конкурстық құжаттамада көрсетілген мерзімде, уақытта және мекенжай бойынша жеке өзі тапсыруы тиіс.
Конкурстық құжаттама мөрленген конвертте ұсынылуы тиіс. Конвертте әлеуетті жалға алушының атауы, мекенжайы және байланыс деректері көрсетілуі қажет.
Барлық сұрақтар бойынша:
Тел.: 8 (7172) 55-23-34, 55-91-59 (ішкі 0769)
Байланыс тұлғасы: Смет К.
Электрондық пошта: k.smet@ktgo.kz
Жүктеп алуға арналған құжаттар:
Басқа хабарландырулар: